Шымкенттік тұрғын «ОLХ» арқылы «газ пешін» аламын деп, алаяқтарға алданды

2023 жылдың 17-қаңтарында Әл-Фараби АПБ-ның кеңсесіне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол онда, «ОLХ» қосымшасында сатылымда тұрған «газ пешін» аламын деп, алдын ала тауар құнын төлеп, алданып қалғанын жазған. Яғни, сатушы есеп-шотына ақша түскен бойда, ұялы телефонын сөндіріп, ізім-қайым хабарсыз кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 320 000 (үш жүз жиырма мың) теңгені құрайды.

 

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Қызылорда қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз, бұрын-соңды сотты болмаған.

 

Тергеу кезінде белгілі болғандай, ұсталған азаматша алған ақшасын толығымен бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі кезде тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

 

Өз кезегінде, Шымкент қаласының тәртіп сақшылары азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер, Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.