ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ КАТАР ЕЛІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

Катар елінің астанасы Доха қаласында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылуда.

Қазақстан Республикасынан аталған көрмеге Шымкент қаласының таныстырылуы бойынша Дохадағы ҚР Елшілігінен шақыру хат келген болатын. Осы мақсатта, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған бірқатар депутат пен Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров, туристік бизнес өкілдері қатысып, қаланың мүмкіндіктерін таныстыруда.

“Шымкент — аумағы жағынан Қазақстанда қалалар арасында бірінші, халық саны бойынша үшінші орынды алатын мегаполис. Қаланың географиялық тұрғыда орналасуы да Орталық Азия елдерімен логистикалық байланыс пен экономикалық орталық құруға ыңғайлы. Қалада инвестиция тарту мен кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінген. Осы ретте, өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 462 млрд. теңгені құрады. Одан өзге, туризм саласы бойынша да 2021 жылы шетелден келуші туристер саны бойынша Шымкент елімізде 3 орынға ие болды”, — деген Ерлан Ермекұлы Шымкенттің туристік әлеуетін келіп көруге және инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

6-9 маусым, яғни 3 күнге созылатын ауқымды іс-шараға әлемнің 40-қа жуық елі қатысып жатыр. Жалпы, “Hospitality Qatar — 2022” — қонақ үй бизнесіне арналған Халықаралық ауқымды көрме болып табылады. Аталған көрме туризм мен қонақжайлылық бойынша перспективті жобаларды жүзеге асыруға арналған, келушілер міндетті түрде көруі тиіс іс-шара ретінде өз орнын тапқан. Ал, Шымкент қаласын таныстыру арқылы  келуші туристер санын арттыруға және жаңа жобалар жасау үшін инвесторлар тартуда маңызды көрме болып саналады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.