Сiңiр тартылғанда…
Шырт ұйқыда жатқанда не ояу отырып-ақ оқыс қозғалғанда аяқтың сіңірі тартылып, табаныңызды жерге баса алмай қалатын кездер сізге таныс па? Ендеше, осы жайсыздықтан қалай құтылуға болады, соған назар салып көріңіз.
* Сіңір тартылған жерді ақырын уқалап, бұлшықеттерді босатуға болады.
* Сіңір тартылған жерді ыстық суға біраз уақыт ұстап тұрсаңыз, бәрі қалпына келеді.
* Балтырдағы сіңір тартылғанда аяқ саусақтарын жоғары қаратып біраз тұрыңыз.
* Сіңірі тартылған жерді 5 минут мұзбен уқалаңыз. Немесе бір шөлмекке (жылытқышқа) ыстық су құйып, тартылған жерге басыңыз.
* Сіңірдің жиі тартылуы ағзаға калий мен кальцийдің жетіспеуінен де болады. Сондықтан, майсыз сүт, айран, картоп, бананды жиі тұтыныңыз.
* Ағзадағы су мөлшері жеткіліксіз болғанда да сіңір тартылады. Сол себепті күніне ең кемі 2 литр су ішуді әдетке айналдырыңыз.