Сіз білесіз бе? Ең, ең, ең …
- Ағылшын фермері Ллойд Брайт 1979 жылдан бері алып қарбыз өсіріп келеді. Ең соңғы рекордтық өнімі –әлемдегі ең үлкен қарбыздың салмағы 122 келі тартқан.
- Жапондық Соджи Ширай салмағы 440 келілік асқабағымен аты әлемге танылды. Дегенмен, рекордтар кітабына енген өнім бұдан да үлкен, ол – 1998
жылы канадалық Гэри Берком өсірген 495 келілік асқабақ.
- Дүниедегі ең үлкен қияр британдық бағбан Альфо Коббаның бақшасында өсіп шыққан. Оның ұзындығы 91,7 см-ге жетеді. Бұл – Коббаның екінші рекорды. Бұдан бұрын ол 89,2 см-лік қиярды өсірген болатын.
- АҚШ-тың Аляска штатында тұратын Джон Эванс тек алып көкөністер өсіретіндігімен әйгілі. Соның бірі – 34,4 келілік қырыққабат. Сонымен қатар, ол 1998 жылы салмағы 8,5 келі тартатын ең ауыр сәбізін көрмеге шығарған.
- Ал әлемдегі ең ұзын сәбізді Джеймс Кроу өсірген. Бұл көкөністің ұзындығы адам айтса, нанғысыз – 4 м 57 см.
- 1986 жылы Эдмонд қаласының тұрғыны Гордон Грэм өсірген қызанақ 3,51 келі тартқан. Сонымен қатар, ол қызанақ бұтасының ұзындығын 16,3 метрге жеткізген. Осы бір ғана бұтадан 347 күнде 12 312 дана қызанақ теріліп алынған.
- Гавай аралдарындағы Каилуа-Кон қаласының тұрғыны Коллин Портер әлемдегі ең үлкен мангоны өсіріп шығарған. Рекордтық жемістің салмағы – 2,46 кг. Жемістің бұл түрі әдетте 1 келіден аспайды.
- Ұлыбританияның Анстратер қаласында тұратын Мел Эдни 1997 жылы әлемдегі ең ірі – 7,03 келілік пиязды өсірген.
- Ливандық фермер Кхалил Семхат өз бақшасынан тапқан ең ірі картоп 11,2 келі тартқан.
- Рекордтар кітабына енген ең үлкен лимонның салмағы – 3,88 кг, ал ені – 74,9 см. Ол 1982 жылы Калифорнияда тіркелген.
- Ең үлкен – 118 келілік қауын 1985 жылы АҚШ-та пісіп жетілген.
- Салмағы 1,405 келілік ең үлкен алмұрт 1979 жылы Англиядан табылған.
- Қант қызылшасының ең ауыры 20,63 келі тартады. Ол 1974 жылы Калифорнияда өсірілген.