Сот шешімі орындалуымен құнды
Сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуы елімізде заңдылықтың қатаң сақталатындығын көрсетеді. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған кезден бері атқарушылық іс жүргізу саласы қоғам дамуының бағытына ыңғайластырыла келе бірнеше рет реформаланды. Сот
шешімдерінің орындалуын түпкілікті жақсарту қажеттілігі туралы Елбасы нақты тапсырма берген.
Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 27қадамында көзделген жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту және мемлекеттік сот орындаушылары қызметін кезеңкезеңімен қысқартуды қамтамасыз ету ерекше маңызға ие екені көрсетілген.
Сот актілерінің жедел әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету негізінде, Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің 29.12.2015 жылғы №652 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарын бөлу ережесін орындау мақсатында, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап, Астана қаласы аумағында Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жеке сот орындаушылары арасында автоматты бөлу пилоттық жобасы іске қосылған. Бұл «Автобөлу функционалы» атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушыларының арасында жедел, әділ, уақтылы және автоматты бөлінуін қамтамасыз етеді.
Алайда, заңды күшіне ене тұра, ұзақ уақыт бойы орындалмай келе жатқан сот актілері де баршылық. Онымен қоса, борышкерлер сот шешімін орындау дан жалтарып, сот орындау шысына түскенге дейін сот шешімін өз еркімен орындамай жүреді.
Сот тарапынан борышкерлерге сот актісін өз еркімен орындау үшін уақыт беріледі.
Азаматтық істер бойынша сот актісі заңды күшіне енгенге дейін, әкімшілік іс бойынша 30 тәулікке дейін, ал қылмыстық іс бойынша екі ай мерзімге дейін айыппұлды төлеуге уақыт беріледі. Берілген уақыт аралығында сот актісі орындалмаған жағдайда, ол мәжбүрлі түрде орындату үшін жеке сот орындаушыларына жолданады. Сот
шешімін орындаудан жалтарған борышкерді Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасақтап, сотқа жолдаған кезде, сот қаулысымен борышкерге айыппұл салады немесе әкімшілік қамауға алады. Сонда ғана борышкер сот шешімін нақты орындау керек екенін ұғ ынады. Осы негіз бойынша Арыс аудандық сотында биылғы жылы 33 іс қаралып, 9 іс бойынша айыппұл салынып, 24 іс бойынша
әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылған.
Жұмысын тиімді әрі сапалы атқарған сот орындаушыларына сот тарапынан жеке
сот орындаушыларының республикалық немесе өңірлік палатасына ұсыныс жазылып,
олар марапатқа ұсынылады. Тиісінше, өз міндеттеріне немқұрайлы қарап, төмен нәтиже көрсеткен сот орындаушыларына жауап кершілігін қарастыру мәселесі бойынша ұсыныс жолданады.
Қазіргі таңда әрбір облыста жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы қалыптасып
өз жұмысын атқару үстінде. Алайда, жеке сот орындаушылардың жауапкершілігін шешу
барысында және жұмыстарына бақылау немесе қадағалау жүргізу бойынша өңірлік палатаның өкілеттіктері мен жауапкершілігін арттыру керек деп санаймын. Себебі, талап пен бақылау бар жерде жұмыстың сапасы мен нәтижесі болады. Өйткені сот актілерін тиімді орындау – мемлекеттік заң жүйесінің маңызды шарты,
мемлекетке деген сенімнің кепілі.
А.Ертаев
Арыс аудандық сотының төрағасы