Сотталғандарға маскатерапия жаттығуы өткізілді

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психолог мамандарының ұйымдастыруымен №11 жасақтағы сотталған азаматтар мен «Арт терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу, және түрлерімен таныстыру болып өтті, соның ішінде » маскатерапия » өткізілді. Өткізудегі мақсатымыз сотталған азаматтардың достық қарым-қатынасын, топпен жұмыс жасауды арттыру, және «балалық шаққа саяхат» Маскатерапияның қолданудың негізгі мақсаты бала немесе ересек адам болсын, қандай да бір бейнені таңдауын, немесе өзін-өзі тануын, және өз әлемінде өмір сүруіне демеу болып табылады. Бұл маскатерапия жаттығуы сотталған азаматтарға ұнады, осы жаттығу арқылы өздерінің бұрынғы өткен шақтары, қазіргі шақтары бойынша эмоционалдық жағдайларын білді. Біздің мекеменің психолог мамандары осы жаттығу арқылы сотталған азаматтарға жеке-жеке қорытынды берді.

ИЧ-167/3мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психолог маманы Балықбаева Мөлдір Жеңісқызы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.