СОТТАР ЖҰМЫСЫ ЗАМАНАУИ ФОРМАТҚА КЕЛТІРІЛЕДІ

2020 жылдың маусымында «ҚР Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданғаны белгілі.

Аталмыш Заң үш бағыттан тұрады. Біріншіден, соттар жұмысын заманауи форматқа келтіру. Екіншіден, азаматтық процестегі тиімділікті арттыру, үшіншіден, сот ісін жүргізудегі цифрландыру қамтылды. Бұл – оңтайлы қабылданған заң. Өйткені заңға сәйкес, судья әділ шешім қабылдау үшін дауды жан-жақты, егжей-тегжейлі түсініп, анықтайды. Бұл дегеніміз, судья процестік жағынан еркін болуы қажет. Қандай уәжді немесе дәлелдерді зерттеу керек екенін ол өзі анықтауы қажет. Бұл біз ашып отырған жаңалық емес, озық, дамыған елдердің соттарында қалыптасқан тәжірбие. Сондықтан осы тәжірибені пайдаланып келеміз.

Заңның негізгі міндеттері: соттардың азаматтық істерді шешуі, процестің жарыспалылығы қағидаттарын ұстану тәсілдерін өзгерту, азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдануды кеңейту, артық процестік әрекеттер мен сот актілерін қысқарту, сот ісін жүргізуде электрондық сервистер мен техникалық құралдарды қолдануды кеңейтуді қамтамасыз ету. Заң жобасында соттың күрделі емес мәселелерді тараптарды шақырусыз қарауымен байланысты процестік әрекеттерді оңтайландыруға бағытталған нормалар қамтылған. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібіндегі істерді электрондық форматта қарау ұсынылады. Заң жобасы сондай-ақ электрондық хаттамаға, процеске қашықтан қатысуға, процеске қатысушылардың электрондық гаджеттерді және басқа техникалық құралдарды пайдалануына қатысты басқа жаңалықтарды да қарастырады. Ұсынылып отырған Заң жобасы азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдардың құқығын, бостандығын және міндеттерін қозғайды, процестік әрекеттерді оңтайландыруға, процестік үнемді арттыруға және артық процестік әрекеттер мен шығындарды болдырмауға бағытталған.

Сондай-ақ ол сот ісін жүргізудің конституциялық қағидаттарын дамытады.Соның ішінде процестік мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру, белгіленген ақша сомаларын индекстеу, азаматтық процестегі медиатордың мәртебесі мен медиация механизмін процестік реттеу,  судьялардың медиацияны жүргізуі және медиация туралы келісімді бекіту рәсімдері де Заңда көзделген.

Гүлжан Ерназарова,

Арыс аудандық сотының судьясы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.