СОЗАҚ АУДАНЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ОРАНЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облысқа қарасты барлық қала, аудандар мен ауылдарды жасыл аймаққа айналдыру жөнінде бастама көтерген болатын. Осы орайда Созақ ауданында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Қараша айынан бастап Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, аталған басқармаға қарасты «Жасыл желек» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұқымбақтарында өсірілген 100 арша, 100 дана туя, 1950 түп үйеңкі, 312 түп қарағаш, 1125 түп айлант және «Жасыл Аймақ» КММ-нен 164 түп арша үлестіріліп, егілді.
Аталған көшеттер қазіргі таңда аудан орталығындағы бюджеттік мекемелердің аумағына, көше бойлары мен Ту тұғыры алаңына және саябақтарға отырғызылды.
Алдағы уақытта көркейту, көгалдандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жалғасатын болады.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысының қала, аудандарында егілген көшеттер саны – 157598. Жалпы 345204 ағаш егіледі деп жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.