Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындысы қаралды

Қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижесі қаралды.
Ж.Өтегеннің төрағалығымен өткен комиссия жұмысына оның мүшелері, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Мырзахметов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері, уәкілетті органның басшысы Б.Тұманбаев, спорт мектептерінің басшылары мен бас жаттықтырушылар қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Департаменттің бас маманы Ж.Қамбар алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылатындығын атап өтті.
Спикердің айтуынша өткен жылы Департаментпен 10 сыртқы талдау жүргізіліп, 115 ұсыным енгізілсе, биылғы жылы 2 талдау жүргізілген.
Оның айтуынша іс-жүзінде талдау жүргізілген салалардың көпшілігінде, соның ішінде спорт саласында да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған.
Бюджет қаражаты нақты көрсетілмеген қызметтер үшін төленген, спорт түрлерін саралау сақталмаған, командаларды даярлау және спорттық іс-шараларға қатысу бойынша қызмет көрсетудің сандық және сапалық нәтижесінің өлшемдері көрсетілмеген.
Спорт саласындағы сыртқы талдау нәтижесімен 35 ұсыным енгізілген.
Өз кезегінде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Тұманбаев аталған салада жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижесімен енгізілген ұсынымдардың орындалу барысына тоқталды.
Іс-шара барысында Комиссия жұмысының нәтижелері тыңдалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары анықталды.
Сонымен қатар, қатысушыларға 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі дамытудың жаңа тәсілдері түсіндірілді.
Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою үдерістеріндегі, сондай-ақ олардың №4 үлгілік базалық бағыттың іске асырылуын бақылаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.