СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында түрлі сала өкілдерімен кездесулерін жалғастыруда.
Кезекті жиын №2 қалалық емхананың ұжымымен өтіп, іс-шараға Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова қатысты.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылықтары баяндалып, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі айтылды.
Сонымен қатар, Департамент өкілі 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, оның негізгі бағыттарынан хабардар етті.
Іс-шара соңында алғыс алатын салада жемқорлыққа жол берілмеу қажеттігі айтылып, емхана ұжымын адал қызмет етуге шақырды.
Айта кетейік, осы тұрғыдағы кездесу «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұжымымен де өтті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.