СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Арнайы жұмыс сапарымен Кентау қаласына арнайы барған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының ұжым қызметкерлерімен кездесті.

Г.Төлегенқызы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын және оның жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарымен таныстырып, бұл негізгі құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру, оның жою мүмкіндіктері, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, азаматтық қоғамның рөлін күшейту сияқты міндеттер қарастырылғанын баяндады.

Соның ішінде, негізсіз баю мен кірістерді заңдастыру шараларына айрықша тоқталып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жөнінде түсіндірді.

Жиын соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша қойылған сауалдарға жауап берілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.