Сырдың суы сирағынан келмейтін С.Туребеков

Бұл С.Туребековтың жеке азаматтардың арыз-шағым, хаттары түгілі, атынан ат үркетін заң органдарының қызметтік хаттарына жауап бермей, адам айтса сенгісіз «батырлығының» барын аңыз етіп шығарып жіберген сияқты.

Осы аудандағы №119 ЖОМ директоры С.Ахмедова 2011 жылы сәуірде Ғ.Мұратбеков атындағы педколледждің күндізгі бөлімінде оқитын А.Б.-ны еден жуушы етіп жұмысқа қабылдап, 2012 жылдың сәуір айының аяғына дейін заңсыз жалақы төлеп келді деген арызды А.Ш. прокурорға түсіріп, сол бойынша тергеу жүргізген аудандық IIБ 1-ПБ С.Туребековтен шығыс №4/1814 «сұраныс» хатына жауап ала алмай, «етегі жасқа» толған көрінеді.

Олай дейтініміз, алғашқы хатты аудандық IIБ 1-ПБ аға тергеушісі Ж.Айғазиев жіберсе, енді Мақтарал ауданы әкімі Б.Асановтың атына аудандық IIБ 1-ПБ бастығы м.а. полиция подполковнигі Ш.Сауар өзінің шығыс №27/878 «Ұсынысын» 31.07.18 ж. жолдап, тағы да жолға қараумен жүрген көрінеді. Бұл «Ұсыныста» жоғарыда айтылған жайға байланысты.

Оқиға бойынша 26.10.2017ж.СДТБТ-на №175144011000006 санымен ҚР ҚК 385-бабы, 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалғанын, енді білім бөлімі осы күнге дейін сұрау хаттарға тиісті жауап бермей отырғанын хабарлап, әкімнің ықпал етуін сұрайды. Осыдан кейін С.Туребековтың жүрегінде түк емес, 200-дік шеге бар деп ойлауға болатын шығар, әсте.

Мақтаарал ауданының 7 мұғалімі білім бөлімі басшысы С.Туребековтың келеңсіз тірліктерге қатысты газет редакциясына шағым-арызын жолдаумен бірге, екеуі редакцияға арнайы келіп, қолдарындағы тиісті құжаттарының көшірмесін тастап кетті.

Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұлттық бюросы Мақтаарал аудандық білім бөлімі басшысы С.Туребековтың мекемеде мемлекет мүлкін талан-тараж фактісінің орын бергеніне байланысты ОҚО тәртіптік кеңесіне С.Туребековке тиісті көруді ұсыныс еткендерін айтады. Бұл ұсынысты қараған облыстық тәртіптік кеңес №60 шешімінде С.Туребековты лауазымдық қызметінен босату туралы ұсыныс қабылдайды.

Бірақ ол ұсынысты аудан әкімі қарап, тиісті шара көрілмейді. Ал, С.Туребеков болса сырқаттану т.б. түрлі себеп-сылтаулармен 3 айдай уақыт жұмыста болмай, тиісті жазадан құтылып кетеді. Бұл аз болса, шағымданушы мұғалімдер С.Туребековтың өз қуанышын «жууды запойға» айналдырып, тағы да 3 ай жұмыста болмағанын «жылағандай» болып жазыпты.

Олар облыстық тәртіптік кеңес басшысы Көмекбаев үшін кеңестің қабылданған шешімінің «шемішке» ғұрлы болмағаны ма деп шырылдайды.

Сол С.Туребеков қаншама «былықтарды» басынан өткізіп жүргенде, ілбіп жүріп екі ауданның құрылғанына дейін жеткен болса, енді Мақтаарал аудандық білім бөлімі басшысы болуға әрекеттеніп, аудандағы мектеп мұғалімдерінің «төбе шашын тік тұрғызып» жатқаны Мырзашөлді «мең-зең» етіп тастағандай, әсте.

Ә.Мұратбеков

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.