Табысты адамдардан 35 кеңес
Табысты болудың құпиясын бәрі білгісі келеді. Бірақ, егер табыс деген саусағыңды сырт еткізгеннен жетіп келетін болса, онда бәрі миллиардерлер мен алып компаниялардың бас директорлары болар еді. Сондықтан, сіздерге ашатын алғашқы құпиямыз мынау – жеңіс оп-оңай және бір түнде келмейді.
Дегенмен, нағыз жеңістің дәмін татып, биік шыңдарды бағындырып үлгерген адамдарың кеңестеріне құлақ түре жүрсеңіз, кім біледі, бәлкім, бір күндері сол жеңімпаздардың қатарынан табылып қаларсыз…
Сенімділік туралы
1. «Маған анам былай деп үйретті: «Егер сенің сөйлеуге мүмкіндігің болса – сөйле. Егер сенің пікірің болса – оны өзгелер естуі керек!».
Урсула Бернс, Xerox CEO
2. «Егер мен өзімнің әйел екенімді жиі еске ала берсем, бұл мені өлтірер еді».
Марисса Майер, Yahoo! CEO
3. «Сізді біреудің көзге ілгенін күтпеңіз. Өзіңіз көзге көрініңіз».
Джинни Рометти, IBM CEO
Инновациялар туралы
4. «Егер өткен күндердің қандай да бір құны болса, ең бай адамдар кітапханашылар болар еді».
Уоррен Баффет, Berkshire Hathaway CEO
5. «Егер сіз кепілді нәтижеге жеткізетін нәрсені ғана істейтін болсаңыз, сіздің компанияңыз ұзаққа бармайды». Джефф Безос, Amazon CEO/Founder
6. «Әрдайым ең шамадан тыс ыңғайсыз нәрсемен жұмыс істеңіз».
Ларри Пейдж Alphabet CEO, Google Founder
7. «Әлем енді ғана бет түзеген жақта сіз тұрыңыз». Бет Комсток, General Electric CEO
8. «Бірінші және жалғыз болыңыз». Джинни Рометти, IBM CEO
Сәтсіздіктер туралы
9. «Сіздің ең көңілі толмайтын тұтынушыларыңыз сіздің ең жақсы ұстаздарыңыз болуы керек».
Билл Гейтс, Microsoft Founder
10. «Егер сіз өз жолыңызда ештеңені бұзып-жармасаңыз, демек өте баяу жылжып бара жатырсыз».
Марк Цукерберг, Facebook CEO/Founder
11. «Қателіктерге алаңдамаңыз. Бір рет дұрыс істесеңіз жеткілікті».
Дрю Хьюстон, Dropbox CEO/Founder
12. «Егер сіз мансап баспалдағымен жылжып бара жатып, бірде-бір рет бетіңізбен жер сүзе құламасаңыз, бар күшіңізді аямай жұмсамағаныңыз».
Салли Краучек, Ellewate Network Chair
Тәуекелдер туралы
13. «Қосалқы жоспар түзе отырып, сіз табысқа жететін ниетіңіздің жоқ екенін мойындайсыз».
Элизабет Холмс, Theranos CEO/Founder
14. «Егер қорықпасаңыз, не істер едіңіз?»
Шерил Сэндберг, Facebook COO
15. «Дәл қазір әлдебір кәсіпкер қорыққаннан қалтырап, «Әлі уақыты келген жоқ» деген ойда отыр. Есіңізде болсын, «қолайлы уақыт» ешқашан болмайды».
Кевин Планк, Under Armour CEO.
16. «Мен бұрын ешқашан істеп көрмеген нәрселерді еңсеруді үйрендім. Өсу мен ыңғайлылық — бір-бірімен үйлеспейтін ұғымдар.
Джинни Рометти, IBM CEO
(Жалғасы бар).
Дайындаған Б.КЕМЕЛ.