ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкентте  9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында,  Ә.Қастеев атындағы  өнер және дизайн колледжінде аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған Талғат БИГЕЛДИНОВТІҢ 100 жылдығына көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге колледж студенттерінің 84 жұмысы қойылған. Олар кескіндеме, акварель, сурет, коллаж, компьютерлік графика, гобелен арқылы жасалған өнер туындылары. Талантты жастар негізінен портреттер мен тақырыптық композициялар бойынша туындыларын көрмеге ұсынған.

– Талғат Бигелдинов  ел басына күн туған қиын шақта Отанды сүюдің, ерлік пен әскери шеберліктің таңғажайып үлгісін көрсете білді, сол арқылы өзін де, халқымызды да өшпес даңққа бөледі. Батыр бабамызды ұлықтау ұрпақтың парызы. Бүгін шәкірттеріміз коллаж техникасы бойынша жұмыстар дайындады. Дарынды жастарымыз әртүрлі дереккөздерден – фотосуреттерден, картиналардан, газеттерден және басқа да баспа материалдарынан материал жинап, басып шығарды, кейбір бөлшектерді өздері сызды. Содан кейін олар осының бәрінен ортақ ойлы композициялар жасады,- деп атап өтті  колледждің «Сызу және кескіндеме» кафедрасының оқытушысы Қарлығаш ҚАНСЕЙІТ.

Ұйымдастырушылар аталған көрме студенттердің батыр бабамыздың өмірі мен ерліктерін зерделеуге деген қызығушылықтарын оятып, оған арналған шығармалар жасауға шабыт сыйлағанын айтады.

            Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.