TALQYLAU: ЖОЛДАУДАҒЫ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУ ҚАЖЕТ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «TALQYLAU» диалогтік алаңшасының бүгінгі отырысы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, талқылау мақсатында өтті.

Отырысқа «AMANAT»партиясы қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, саясаткерлер, ғалымдар, фракция мүшелері, басқарма өкілдері, партия белсенділері қатысып, өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.

— Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыру бағытында «AMANAT» партиясы белсене қатысып, Мемлекет басшысының бастамаларын түсіндіру жұмысына атсалысуда. Партияның бастауыш ұйымдарында, қоғамдық кеңестер мен еңбек ұжымдарында Жолдауды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында пікірлер берілуде, — деді Ж.Бектаева.

Бұл жолғы Жолдау экономикалық жаңғырту және қарапайым халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталған. Жолдауда Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдерді ұсынып, тапсырмалар берді. Бүгінгі диалог алаңшасында Жолдаудағы нақты өзіміздің өңірге қатысты тармақтары бойынша жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің жоспар-ұсыныстары тыңдалды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.