Тапсырма тиянақты орындалуда

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Шымкент қаласында жоғары нәтижеде көрініс табуда.  Тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың мәселелерін шұғыл шешуді мақсат еткен қала әкімі Мұрат Әйтенов жыл басынан бері 55 елдімекен тұрғындарымен кездесті. Одан бөлек, апта сайын аудан белсенділерімен кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар мен тапсырмалардың орындалуы баяндалып отыр.

Мәселен, М.Әйтенов Абай ауданын аралау кезінде 92 хаттамалық тапсырма берген, оның ішінде бүгінде 22-сі орындалды. Ал, белсенділерді қабылдау барысында 50 тапсырма берген болса, оның 6-уы орындалған. Әрбір орындалған тапсырма тұрғындармен бағаланып, расталуда. Қалғаны белгіленген кестеге сәйкес орындалу барысында. Әрбір шағым-өтініштер әкім бақылауына алынып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бүгіннен бастап назарларыңызға орындалған тұрғындар өтініштерін ұсынатын боламыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.