ТАРИХ ТҰЛҒАЛАРЫН ДӘРIПТЕУГЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кітапхана бөлмесінде Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 180 жылдығына орай «Қазақта Кенесарыдай хан өткен бе…»  тақырыбында кітап, сурет көрмесі ашылды.
Атаулы көрменің ашылуына музей қызметкерлері және қала қонақтары қатысты.
Көрме экспозициясына Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жайында жазылған  Е.Бекмаханов, И.Ерофеева, Б.Кәрібаевтардың кітаптары мен қолтаңба түпнұсқалары жəне маңызды ақпараттардан құралған 30-дан аса құнды жəдігерлер ел назарына  ұсынылды.
Ел ардақтыларын дəріптеуге арналған көрмені бір ай көлемінде қала тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.