Тартымды көрінгіңіз келсе… 

1.Кемшіліктеріңізді ұмытыңыз. Одан да артықшылықтарыңыз жайлы көбірек ойлаңыз.
2. Үйде көп отырмаңыз. Айналада қызықтар өте көп.
3. Тыңдай біліңіз. Өзгенің пікірін құрметтеңіз.
4. «Өз» иіссуыңызды тауып, оны өзгертпеңіз. Осылайша жағымды әсер қалдыра аласыз.
5. Қасыңызға күтім жасаңыз. Көз – жанның айнасы, ал қас – айнаның жиектемесі.
6. Жан-жақты болыңыз, бір нәрсеге қадалып қалмаңыз.
7. Бірнәрсеге әуестеніңіз.
8. Қалтаңызға кәмпит салып жүріңіз, ол ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді. Ал деміңіз таза болса, адамдармен еркін араласа аласыз.
9. Қадамыңызды қадағалаңыз. Жүрісіңіз нәзік, ұшып бара жатқандай жеңіл болуы керек.
10. Көбірек оқыңыз. Білімі терең адаммен сөйлесудің өзі бір ғанибет.
11. Қалағаныңызды жеңіз. «Диета» деген сөздің өзі жүйкеге тиеді.
12. Аптасына тым болмағанда бір жаңа тағам жасап, жақындарыңызды қуантыңыз.
13. Қандай жағдайда да дауыс көтермеңіз.
14. Сыйлық жасаңыз. Сыйлықтар кішкентай және мүмкіндігінше қолдан жасалған болғаны жақсы.
15. Шашыңыз адам қол тигізіп, сипағысы келетіндей болуы керек.
16. Тартымды киініңіз, бірақ тым тұрпайы болмасын.
17. Ақылсынбаңыз. Өзінің ақыл деңгейін көрсеткісі келіп, жаттап алған қанатты сөздерін оңды-солды пайдаланатындарды ешкім ұнатпайды.
18. Сілкінбеңіз. Үстел үстіндегі нан қоқымдарын жинап, саусақпен біріктірмеңіз. Майлықты мыжғыламаңыз. Кітап мұқабасының шетін шұқыламаңыз. Мұндай қимылдар жүйкеге тиеді.
19. Маникюрді ұмытпаңыз. Күтім көрген әдемі қолды кез-келген жігіт өз алақанына салып аялап отырғанды жақсы көреді.
20. Көбірек күлімдеңіз. Бақытты адамдарға бақыт үйір келеді.
21. Әшекей бұйымдардан ақша аямаңыз. Өзіңізге тән бір ерекшелік белгіңіз болсын. Бұл кішкентай мойын орамал немесе асыл тасты түйреуіш болуы мүмкін.
22. Өзіңіз туралы көп айта бермеңіз. Айналаңыздағылар өздері сұрап алсын. Жұмбақ әйелдің құпиясын ашуға құмар еркек көп.

 

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.