Татуластыру рәсімдері

Татуласу рәсімі (бейбіт келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Партисипативтік рәсім – тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында судьяның қатысуынсыз адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен тараптар арасындағы дауды реттеудің келіссөз жүргізуі және тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылуы болып табылады.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (жанжалды) реттеу рәсімі.

Медиатор – «Медиация туралы» Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.

Медиаторлар ұйымдары – медиаторлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін медиацияны дамыту жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізуі үшін олардың ерікті негізде бірігуі үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымдар.

Медиацияның мақсаттары мыналар болып табылады:

1) дауды (жанжалды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу;

2) тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

Медиация мынадай қағидаттар негізінде жүргізіледі:

1) еріктілік;

2) медиация тараптарының тең құқылығы;

3) медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы;

4) медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік;

5) құпиялық.

Медиация тараптары медиаторды, медиация рәсімін, ондағы өз ұстанымын, оны талап ету тәсілдері мен құралдарын таңдау кезінде, ақпарат алу кезінде, дау-шарды реттеу туралы келісім шарттарының қолайлылығын бағалауда тең құқықтарды пайдаланады және өздеріне тең міндеттер жүктейді.

Қазіргі уақытта медиаторлардың қатысуымен істердің тиімді шешіліп келе жатқанын айту қажет. Сот тәртібінде қарастыруға тиіс даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдер – медиация әдісін қолдану адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі. Республикамызда медиация институтының дамуына  қажетті іс шаралар жүргізілуде. Медиация орталықтары республикамыздың барлық аймақтарында жұмыс жасауда. Бұл өз кезегінде келешекте делдал жұмысының ретімен жүруінің, істің бітімгерлікпен әділ шешілуінің алғышарты болмақ. Өркениетті елдерде бейтарап медиаторды тарту ісі неғұрлым жедел дамып, елдегі құқықтық саясаттың жүйелі жүргізілуіне өз септігін тигізген. Олар сапалы әрі, тиімді сот төрелігін жүргізуде негізгі басымдыққа ие және заманауи құқықтық жүйенің дамуына ықпал етіп келеді екен. Медиацияның тиімділігі сол азаматтар баж салығын төлеп әуре болмайды және едәуір уақыт үнемдейді.

Сонымен қатар Арыс аудандық сотында даулардың жекеленген санаттары бойынша (дауларды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу пилоттық жобасы бойынша судьялар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, этно-мадени орталық өкілдері, прокурорлар, ІІБ-нің қызметкерлері, адвокаттар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен, әкімшілікте, ауыл округтерінде, заңды мекемелер арасында «Медиация кабинетері» ашылып насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Арыс аудандық сотының  судьясы Е.Агманов

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.