Тәуелсіздік. Патриотизм.
Еліміз егемендігін алып, Тәуелсіздіктің ақ таңын қарсы алған уақыттан бастап өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу міндетіне баса мән беріле бастағаны белгілі. Әсіресе, мектеп оқушыларының бойына отаншылдық рухты ұялату жауапкершілігінің жүгі ерен. Осы орайда, мектеп жұмысы білім алушыны белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз етуге емес, білім саласындағы негізгі құжаттар және бағдарламалық жобалар шеңберіңде қойылған міндеттер мен мақсаттарды шешуге бағытталуы тиіс екендігін естен шығармаған абзал. Яғни біздің алдымызда елдің жаңа азаматын және патриотын тәрбиелеу міндеті тұр.
Әрбір азамат мемлекеттіліктің қалыптасу үдерісінде рәміздердің мәні мен алар орнын, маңыздылығын түсіне отырып, елдің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранын құрметтей білуі тиіс. Олардың қандай екендігін білу ғана емес, осы рәміздердің пайда болу тарихын зерделеп оқу арқылы өскелең буын Тәуелсіздіктің қадірін тереңірек түсінері хақ.
Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі – жастардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру бағытындағы ізденістерді тоқтатпауы қажет.