ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА САПАЛЫ ЖАРЫҚ КЕЛДІ

Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 3 мыңға жуық тұрғын тұрады. Онда 1 мектеп пен 2 балабақша бар. Қосымша мектеп салу қажет етеді. Тұрғын алаптың инженерлік инфрақұрылымы кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Қазіргі таңда аталған елдімекен жекеменшік  электр жарығымен қамтылған. Сапалы жарықпен  қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

100 пайыз  ауыз сумен қамтылған.

Табиғи газбен  қамтылмаған. Биылғы жылы ЖСҚ әзірленніп, 2023 жылы толық көгілдір отынмен қамту жоспарлануда.

Жалпы көшелер саны 40 болса, оның 1-і асфальт, 39 тас жол. Өткен жылы 6 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылса, биыл 3 көшеге төселеді. 2025 жылға дейін жолдардың 13 шақырымына асфальт төселетін болады.

 

40 көшенің 3-і жарықтандырылған. 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында  8,3 шақырымды құрайтын «Әбдірайымов» көшесін жарықтандыру жоспарлануда.

Тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін базалық станция орнатуға жер телімі анықталып, инвестор тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, елді мекенді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту жұмыстары 2022 жылдың соңына көзделген.

Кестесіне сәйкес — №146, 180 маршруттар қатынайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.