Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Абай ауданында демалыс күндері 27 ата-ана балаларының түнгі серуені үшін жауапқа тартылды

Абай АПБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері өткен демалыс күндері әкімшілік аумақта түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында жастар көп жиналатын орындар, ойын-сауық орталықтары, аулалар, саябақтар тексерілді.

Іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғылықты жерінен тыс және ойын-сауық мекемелерінде болуын, олардың алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын пайдалануына жол бермеу және алдын алу болып табылады.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сәуір айының 15-17 аралығында күндері тәртіп сақшылары ата-анасының еріп жүруінсіз түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген 27 жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, полицейлер кафе, дүкен иелерімен жасөспірімдерге спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сатуға жол бермеу туралы профилактикалық сұхбаттар өткізді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер пәтер алып беремін деп алдаған алаяқты ұстады

admin

ТҮРКІСТАН: 32 СЕКТОРДА ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

admin

Мемлекет Басшысы Қорғаныс министрін қабылдады

admin