Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ КӨШЕ ТАЗАРТЫЛДЫ

Арыс қаласы аумағындағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында ҚР ІІМ-нің жеке құрамынан 1488 адам және 189 бірлік техника жұмылдырылды.

Қорғаныс министрлігінің саперлік бөлімшелерінен 43 топ құрамында 408 адам Арыс қаласын, теміржол стансасы мен көшелерді  тазалады. Сондай-ақ әскери бөлім аумағындағы жарылмаған оқ-дәрілерден тазарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде 5700-ден астам әскери снарядтар табылып, арнайы техникамен көшіруге дайындалды.

Эвакуациялық пункттерде 13187 адам орналастырылды. Оның ішінде Шымкент қаласында – 7249, Түркістан облысының аудан, қалаларында 5938 адам қоныстанды.

Жедел штабтарда қауырт желілер ұйымдастырылып, тұрғындардан жалпы 15 мың 927 қоңырау келіп түсті.

Түркісан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша 277 адам медициналық көмекке жүгініп, 74-і ауруханаға жатқызылды. 3 адам қаза тапты.

Жалпы инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесіндегі барлық көшелер мен 11 шақырым теміржол төсемдері тазартылды. Қорғаныс министрлігімен бірлесе жеке және көпқабатты үйлерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Жағдай тұрақты.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік тұрғын жоғалған ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ҚАЗПОШТА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 160 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

admin