Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

АРЫСТЫҚ 130 БАЛА ПАВЛОДАРҒА ДЕМАЛЫСҚА АТТАНДЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Павлодар әкімдігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты арыстық 130 бала мен аймақтың 10 ұстазы Баянауыл өлкесіне аттанды.

Қайырымдылық мақсатында Павлодар облысы әкімдігі 27 маусым күні Шымкент қаласындағы әуежайға арнайы ұшақ жіберіп, арыстық балаларды алдырып отыр.

Сонымен қатар, «Алматы Кітап» баспасының ұжымы дәл осы жолға шығатын 130 баланы қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етті.

Айта кетерлігі, эвакуациялық орталықтарда жатқан балаларды жазғы демалыстарға жіберу жұмыстары жалғасатын болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда

admin

«TURKISTAN INVEST» 507 МЛРД. ТЕНГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 19 ЖАҢА ІРІ ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

admin

«ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 215 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

admin