Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР ЫСТАМБҰЛДАҒЫ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Орал қаласында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында ел біріншілігі өтті. Турнирде үшбірдей арыстық бұрымды өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
44 келі салмақта Аяулым Әбубәкір чемпион атанса, Аяжан Ергентай 52 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, 48 келі салмақта сайысқа түскен Бимәриям Сапарәлі III орынды місе тұтты.
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Мамытқызы жас чемпиондарды арнайы қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Кездесуде спортшылар мен бапкері Асхат Борықбаевқа алғыс білдіріп, спорттық мансабында жеңісті күндері көп болуына тілектестік білдірді.
Олимпиадалық емес спорт түрі саналатын жауынгерлік өнер спортшылары әлем чемпионатына жолдама алды. Тамыз айында А.Әбубәкір мен А.Ергентай Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласында өтетін турнирде ел намысын қорғайтын болды.

Ұқсас жаңалықтар

«АЛТЫН САРАЙ» ДЕМАЛЫС КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ӘР ОТБАСЫ 10 ТҮП КӨШЕТТЕН ОТЫРҒЫЗДЫ

admin

ЗИЯТКЕР ҰЛТ ТӘРБИЕЛЕУ — МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

admin