Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БЕСІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді. 37 жастағы Назипа Янгибаева № 1 Облыстық перениталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Әдемі, Ислам, Самира есімдері берілді. Мерзімінен ерте туылған үшемдер перениталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Бүгінде медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайы жақсаруда. Әзірге үшемдердің қашан шығатыны белгісіз.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұл мен екі қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Былтыр № 1 Облыстық перениталдық орталығында 8746 сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 3108 нәресте туылған. Оның 72 егіздер болса, екеуі үшем. Орталық дәрігерлері әр жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда.

Ұқсас жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: МЕН КЕЛЕДІ ДЕП КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕҢІС МЕМОРИАЛЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

admin

Түркістан: Білім бөлімдеріне бөлінген планшеттер — Департамент бақылауында болмақ

admin