Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«ТАССАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 4 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Тассай» индустриялық аймағында биылғы жылы қосылатын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

«Тассай» индустриялық аймағында импорталмастыру мақсатында 2022 жылы 3 млрд. теңгеге 150 жұмыс орнын құрумен 4 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Іске қосылуы жоспарланған жобалар:

— «Dentafill Kazakhstan» ЖШС дәрілік заттар мен гигиеналық өнімдер шығаратын зауыт құрылысы, жобалық қуаттылығы жылына 20 млн дана медициналық және гигиеналық өнімдер шығару;

— «Bio Etica» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдарын шығаратын цех құрылысы, жобалық қуаттылығы жылына 1 млн. дана бұйымдар шығару;

— «Про-Тек-МП» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдар мен виварии сынақ зертханасының  құрылысы;

— «SMART ENG» ЖШС Корпустық жиһаздар мен парталар өндірісі.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас жаңалықтар

«Balalarmen_birge» байқауы мәресіне жетті

admin

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ: ТҮРКІСТАНДА ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 20 КӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

admin

Әли Бектаев, Сенат депутаты:… балаларды қорғауға және қолдауға бағытталуы қажет

admin