Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкентте көктемгі  кеміргіштерге  қарсы  залалсыздандыру жұмыстары  2022 жылдың  03 және 17 мамыр аралығында  жүргізілетін болады. Ағымдағы жылдың көктем және күз мезгілдерінде  33  504 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктердің аумағын, 2 272 680 шаршы метр өзендер мен каналдар аумағын залалсыздандыру жұмыстары жоспарлануда.

Аталған жұмыстар көп қабатты тұрғын үйлердің қоқыс-жәшіктеріне, өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Ал жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысан иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. 2022 жылы кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 9 916,6 мың теңге қаржы қаралған.

Көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындарының назарына  кеміргіштерге қарсы қойылған  арнайы қармақжемдерді  бүлдіршіндердің  ұстамауы мен үй жануарлары жеп қоюдан абай болу керектігін ескертеміз.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,3 МИЛЛИОННАН АСТАМ ​ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА ​

admin

ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

admin