Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: АР ТАЗАЛЫҒЫ МЕН АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрлыған облыстық үгіт-насихаттық Штаб төрағасының кезекті кездесуі Түркістан облыстық экология департаментінде өтті.

Ұжыммен өткен кездесудің негізгі мақсаты — ақпараттық түсіндіру ұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында Ерұлан Тұңғышбаев ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін және қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеп, пайдакүнемдіктен туындайтын парақорлықтың қазақ қоғамына тигізер залалын жіліктеп жеткізді.

Үгіт-насихат жұмыстарының соңында қатысушылардың үніне құлақ түріп, қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП ЕНДІ БОЛМАЙДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ИНДОНЕЗИЯДАН КЕЛЕТІН ЗИЯРАТШЫЛАР САНЫ АРТАДЫ

admin

САУРАН АУДАНЫ ЖАҢА ҒИМАРАТТАРМЕН ТОЛЫҒЫП ЖАТЫР

admin