Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Жетісай ауданы Талапты ауылының тұрғыны «Алтын» шаруа қожалығының төрағасы Ауашов Қуанышбек өзінің иелігіндегі 15 гектар аумақтың бүгінгі таңда 5 гектарын арнайы терім машинасымен жинап, одан 11 тоннадай мақта алып үлгерген.
«Биыл мақта жинауды ертерек бастап отырмыз. Бұл өз кезегінде өнімді жерде қалдырмай толық жинап алуға өз септігін тигізеді. Арнайы комбайнмен мақтаны жинау қол теріміне қарағанда тиімді. Бұйырса алдағы 2-3 күнде бірінші терімді толық жинап боламыз»,- дейді шаруа қожалығының төрағасы.
Айта кетерлігі, былтыр аудан бойынша 46 655 мың гектарға мақта егіліп, одан 122 мың тонна өнім алынған. Биыл Жетісай ауданы бойынша мақта егілген жерлер 48 943, 8 мың гектарды құрайды. Одан алынатын өнім шамамен 125 мың тонна болады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА 5 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

admin

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесiнiң отырысы өттi

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КІТАПХАНАЛАРЫ 361 354 ДАНА ЖАҢА КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ

admin