Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ДЕПУТАТ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Қарағұр ауылының тұрғыны Мақпал Тұрсынбаеваның үйсіз жүргеніне 4 жыл болды. Бүгінде көпбалалы ана 4 баланы жалғыз өзі асырап отыр.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай кәсіпкер, «Nur Otan» фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Бағлан Сүгірбаев жалғызбасты анаға 5 бөлмелі үйдің кілтін табыс етті. Үймен қамтамасыз еткен кәсіпкер азаматқа ауыл тұрғындары да дән риза.
«Тұрмыс тауқыметін тартып жүрген жанға көмек қолын созу – біздің азаматтық парызымыз», – дейді Бағлан Қанжарұлы.
Айта кетейік, Созақ ауданында 200-ден астам көпбалалы ана үй кезегінде тұр.

Ұқсас жаңалықтар

«IŞIKLAR HOLDING» БАСШЫЛАРЫМЕН ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАУЫТ АШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

admin

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ

admin