Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыны

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция басталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиынды Түркістан облысының әкімдігі мен  Халықаралық Түркі Академиясы бірлесіп ұйымдастырды.  Сонымен қатар, Түркі  кеңесі мен Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті  де қолдау  көрсетуде. Конференцияны Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ашты.

Қазір «Түркі әлемінің киелі жерлері»,  «Түркі  дүниесінің  тұғырлы тұлғалары»   және «Түркі  тілдері және жазуы» тақырыптарындағы секциялық  отырыстар өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің VI  саммитінде көтерген «Түркі дүниесінің  тұғырлы тұлғалары»  және  «Түркі әлемінің киелі жерлері» бастамаларын  жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылған ғылыми басқосуда түркі  дүниесінің ғылымы,  мәдениеті мен әдебиеті,  түркі тілдері,  киелі жерлер мен  тұғырлы тұлғалары туралы айтылады.

Конференцияға Қазақстандағы бірқатар шетел дипломаттары мен халықаралық ұйымдардың  өкілдері мен тарихшылары,  Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия  ғалымдары мен АҚШ, Ресей, Үндістан, Өзбекстан зерттеушілері қатысуда.

Ұқсас жаңалықтар

От граждан, состоящих в очереди на жилье, принимаются заявки на кредитное жилье

admin

«ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

admin