Терроризм және оның бір түрі

Сарапшылардың айтуынша – діни терроризм, сондай-ақ сепаратизм және діни экстремизм құқықтық категориялық тұрғыдан алып қарағанда халықаралық «мәртебелерге» ие.
Терроризм – террористік идеологияға негізделген. Ал сепаратизм болса, сепаратистік идеологияға сүйенеді. Діни терроризм діни террористік идеологияға сүйенеді. Ал діни экстремизм болса өзіндік діни экстремистік идеологияға негізделеді. Діни экстремизмде діни экстремистік идеология ең басты идеологиялық база болса, тиісінше діни терроризмде діни террористік идеология ең шеткі құбылыс ретінде негізгі идеологиялық база болып табылады.
Терроризмнің басқа да барлық түрлерінде және сепаратизмде діни экстремистік немесе діни террористік идеология негізгі база болып қарастырылмайды, тек қосымша идеологиялық құрал ретінде пайдаланылады. Әсіресе оны пайдалана отырып адамдарды, этникалық туыс адамдарды өздерінің арнайы террористік ұйымдарының қатарына қосып алу мақсатында арбау, алдау және діни-психологиялық әсер ету арқылы кіргізеді, көндіреді, тіпті зорлайды және қорқытады.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.