«Тiк орман» салынады
Итальяндық сәулетші Стефано Боэри Мысырда текше түріндегі 7 қабатты үш ғимарат тұрғызып, онда «тік орман» жобасын іске асырмақ. Жасыл желекке көмілетін сәулеттік үштік үкіметтік департаменттер орналасқан ауданға керемет көрік бермек.
Жоба бойынша, үш ғимараттың сыртындағы бастырмаларға 100 түрлі сәндік өсімдік, атап айтқанда 350 түп ағаш пен 14 мың түп бұталар отырғызылатын болады. Бұл ауданды абаттандырып қана қоймай, ауасын тазартуға да көп әсер етеді. «Тік орманның» құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Болашақта Каир қаласын алып жасыл мегаполиске айналдыру жоспарланып отыр.