Тоқаев: Үкімет мұғалімдердің жалақысын көтеруді ойластыру керек
-Үкімет мұғалімдердің жалақысын көтеруді ойластыру керек. Бұл жөнінде бүгін сенатта өткен парламенттік тыңдау барысында төменгі палатаның төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта білім беру қызметкерлері жалақысының деңгейі ең төмен еңбекақының қатарында қалып отыр
«Ұстаз кәсібінің төмен мәртебесі мектеп білімін дамытуы тежеп отырған фактор болып табылады. Қазіргі уақытта білім беру қызметкерлері жалақысының деңгейі ең төмен еңбекақының қатарында қалып отыр. Ол орташа республикалық деңгейдің 66 пайызын құрайды. Үкімет экономикалық жағдайға орай мұғалімдердің жалақысын көтеру жағын ойластыруы қажет. Бұл өте маңызды, өйткені мектеп біліміндегі реформа педагогикалық жоғарғы оқу орындарына байланысты», — дейді Тоқаев.
Палата спикерінің айтуынша, мұғалімдерді мемлекеттік наградалар, сыйақылармен ынталандырып, олардың еңбегін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау қажет.
«Материалдық және моральдық ынталандыруды дұрыс жолға қоймасақ, біз мұғалім кәсібінің мәртебесін жоғарылата алмаймыз. Қазіргі уақытта талапкерлер көп жағдайда педагогикалық жоғарғы оқу орындарына оңай түсуге болатын оқу орны деген қағидат бойынша таңдайтыны жасырын емес. Өйткені педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсуге қажетті балл саны басқа мамандықтармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Мұндай жағдай келешекте оқытушылар құрамының сапасына тікелей кері әсер ететінін анық. Ал бұл толығымен керісінше болуы тиіс», — деді ол.