Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау

Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімдер Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап қабылданған болатын. Қазіргі таңда тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша  баспана кезегіндегі 1201 азаматтың өтінімі мақұлданды.Қазіргі таңда тұрғын үй басқармасымен «Отбасы банк» АҚ арасында келісім шарт түзілуде. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген соң тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімі мақұлданған азаматтардың 50 пайыз жалдау ақысы мемлекет тарапынан төленетін болады. Отбасы мүшесінің санына байланысты максималды субсидияланатын сома мемлекет тарапынан бекітілген, ол 85678 теңгеден аспайды. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына  кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар,  көп балалы отбасылар қатыса алады. Баспана ақысын субсидиялау үшін  үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс. Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz  сайтында онлайн түрде қабылдануда. Сонымен қатар, субсидия алуға үміткердің банктік ағымдағы шоты болуы тиіс. Азаматтар тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша қосымша ақпаратты Бейбітшілік 3, мекенжайында  орналасқан «Amanat» партиясының қалалық филиалындағы «Отбасы банк» қызметкерлерінен алуға болады. Атаулы көмек қағидатына сәйкес 50% — мемлекет, қалған 50% — ын алушы өз бетінше төлейді. Оператор болып «Отбасы Банкі» анықталды.

Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;

3)  тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады

4) Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.

Республикалық бюджетке жүктемені төмендету мақсатында және кейбір өңірлер бюджеттерінің тапшылығын ескере отырып, жергілікті бюджеттерден 20% мөлшерінде қоса қаржыландыру жоспарланған. Төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтар «Отбасы банк»АҚ-ға жүгіне алады.

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының баспасөз қызметі

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.