ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Халық арасында құқықтық мәселелер өте өзекті. Жыл басында тұрғындардың құқығын қорғайтын «Құқықтық көмек» партиялық жобасы іске қосылған болатын.

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы және «Жастарға арналған шағын несие 2,5%» бойынша азаматтарды қабылдау өттті.

Заң сарапшысы, кәсіби заңгерлер мен адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары келіп, тұрғындар мәселесінің шешімін табуға ат салысты. Тегін кеңес берді.

Тұрғындар сала мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, заң кеңесіне жүгінді. Яғни, мамандар талап-арыздарды дайындауға, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында және т.б. жерлерде мүдделерді қорғауға көмектесті. Тұрғындарға қаржылық және құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді.

Сонымен қатар, бұл шарада қала жастарына жеке ісін ашуға көмектесу, кәсіпкерлік қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту, яғни кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамту, 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау үшін әзірленген Жол картасы аясында жастарға жеке ісін ашу үшін жағдайлар жасауды мақсат етті.

Мамандар жастарға арналған жеңілдетілген 2,5% несие бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, несиелеу шарттарын таныстырды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік грант беру бойынша ақпарат беріліп, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау т.б басқа мәселелер бойынша толық ақпараттар айтылды.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы бойынша 261 жасқа микрокредит беру жоспарланып, бұл бағытқа 1,3 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады. Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі.
Несие алудың шарттары мынадай:
— микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін;
— микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
— номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
— Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылға дейінгі кәсіпкерлер.
— Кепілдік қою талап етіледі. Сондай-ақ несиені 1,5 жылдан соң төлеуге болады. Алайда осы уақыт аралығында олар өз кәсібін ашып, оны дамытуға тиіс. Кредит нақты бір салаға арналмаған. Кез-келген кәсіп ашқан жас кәсіпкер, оны жүргізуге көмек ретінде несиеге конкурсқа қатысса болады.
Мұның барлығы қалалық филиалда өткен бүгінгі ашық есік күнінде айтылды.
Еске салайық, «Құқықтық көмек» жобасы бойынша заңгерлердің тегін кеңесі аптасына екі рет өткізіледі. Ал айына бір рет құқықтық сала мамандары шалғай аудандарға баруды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.