ТҮРКІСТАН: ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛДАРДЫ ӨНДІРУДЕ ҚАДАҒАЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК

2022 жылдың 11 айында облыстың мемлекеттік органдарымен әкімшілік айыппұлдарды өндіру саласы бойынша атқарылған жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясы және Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысында талқыланды.
Комиссия отырысына Түркістан облысы прокурорының орынбасары Нұрғали Жомарт, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Әбілсейіт Дүйсебаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қожахметов, Түркістан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтпаев, Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нурахаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Оркен Балажанов, Түркістан облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Қайрат Бектембаев, барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.
Түркістан облысының уəкілетті мемлекеттік органдарымен 11,1 млрд. теңге әкімшілік айыппұл салынған, оның 8,1 млрд. теңгесі, яғни 73,2% өндірілген. Айыппұлдардың басым үлесі 6,9 млрд. теңге немесе 62,2% ішкі істер органдары жəне 1,5 млрд. теңге немесе 14,1% мемлекеттік кірістер органдарымен салынған.
«2022 жылдың өткен кезеңі бойынша әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша» сөз Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының бастығы Өркен Сейітов баяндады.
Жыл басынан бері салынған айыппұлдың өндірілуінің ең жоғарғы көрсеткіші Созақ (96,3%), Бәйдібек (80,8%) және Отырар (78,3%) аудандарында. Комиссия отырысында Әкімшілік істер бойынша айыппұлдарды өндірудің маңыздылығы айтылды. 11 айда мәжбүрлі түрде орындатуға жалпы сомасы 1,2млрд.теңгені құрайтын 58 152 материал жолданған.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды айыппұлдарды өндіру бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып нақты шаралар қабылдауды міндеттеді. Мәжіліс барысында берілген тапсырмалар, айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелер хаттамаға енгізіліп, нәтижелі жұмыстарды атқару міндеті жүктелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.