ТҮРКІСТАН: АРЫС ӨҢІРІНДЕ ДАЛАЛЫ АЙМАҚТЫ ҚАДАҒАЛАЙТЫН АРНАЙЫ ТОП ҚҰРЫЛДЫ

Әлеуметтік желіде далалы алқапта өсетін дәрілік қасиеті мол өсімдік ретінде танылған кеуректің тамырын қазып, қайта шықпастай хәлге түсіріп жатыр деген ақпарат жарияланды. Осыған байланысты Арыс қаласы әкімдігі жанынан Арыс қаласы бойынша табиғи емдік-дәрілік кеурек өсімдігінің қазылған учаскелерін анықтау жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оқиға орнына барды.
Арнайы топ өкілдері желіде тараған деректер негізінде кеурек қазу жұмыстары Тәжікстан Республикасының азаматтары далалы алқапта шатыр тігіп, қазан-ошақ әзірлеп, кеурек қазуға дайындалып жатқаны расталды.
Ал жер мамандарының зерделеу жұмыстары нәтижесінде, заңсыз әрекеттер орын алған аумақ Отырар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жері (аумағы 1 206 гектар, кадастрлық нөмірі: 1929 4055 397) екені анықталды.
Арнайы топ құрамында келген Арыс аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция бөлімінің бастығы Жандос Ахметов бастаған құқық қорғау органының өкілдері заңсыз жұмысқа жегілген азаматтар мен олардың дәлел, дәйекті заттарын Отырар аудандық полиция бөлімінің қыметкерлеріне тапсырды.
Ал Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық бастаған жұмыс тобы мен оқиға куәгерлері заңға қайшы әрекеттер жөнінде акт толтырып, өз құзыреті шеңберінде Отырар ауданы әкімдігіне қызметтік хат жолдады.
Қазіргі кезде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың арнайы тапсырмасына орай, ауылдық округтер әкіміне шұғыл тапсырма беріліп, Арыс қаласы аумағындағы дәрілік өсімдіктерді қорғау мақсатында қатаң бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, интернетте жарияланған деректерге сүйенсек, кеурек өсімдігі сырттай сасық болғанымен, оның дәмі мүлдем бөлек. Ол асқазан, ішкі құрылыс ауруларының алдын алса, буын, ревматизм сынды дерттің де бетін қайтарады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.