Түркістан: Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, күзгі  шақыру науқаны 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастау алмақ. Бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес жүргізіледі.

 

Осыған орай шақырудың негізгі тапсырмасы әскерлерді дені сау және моральды даярланған жастармен жасақтау болып табылады.

Ағымдағы жылдың күзіндеТүркістан облысынан 2 мыңнан астам әскерге шақырылушыларды әскерге жіберу жоспарланған.

Әскерге шақырылушыларды іріктеудің айқындығы үшін, шақыру комиссиясы құрамына ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді. Аталған комиссияның қабылданған шешімінің негізінде біздің жастар әскерге жолданады.

Айта кетсек, шақыру кезінде азаматтар әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға және босатуға құқықтары бар.Мерзімін кейінге қалдыру келесі негіздер бойынша беріледі:

1) отбасы жағдайы бойынша;

2) білімін жалғастыру үшін;

3) денсаулық жағдайы бойынша;

Маңызы аз емес жаңалықтың бірі мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылардың санаттары кеңейтілді. Атап айтқанда мерзімін кейінге қалдыру енді қосымша беріледі:

— оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;

— құқыққорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.

Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар, сол талаптар бойынша әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өткеретіні белгіленеді. Мысалыға: Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің әскери-ғылыми взводын жасақтау үшін ІТ-мамандықтары, сонадай-ақ әскерге шақырылушының денсаулық жағдайы маңызды, ал десанттық әскерлері және арнайы тағайындалған әскерлер үшін бойының параметрлері 170 см төмен емес сияқты әскерге шақырылушының дене бітімдері маңызды, спортшыларға талдау беріледі.

Алайда осымен бірге Қарулы Күштері музыканттарға, аспазшыларға, жүргізушілерге, байланысшыларға және көптеген басқа мамандықтарға мұқтаж.

Қарулы Күштері қатарына әскерге шақырылғандардың белгілі бір бөлігі 6 ай ішінде мынадай әскери мамандықтар бойынша оқуды өтеді: БТР, БМП, танк мехник-жүргізушісі, артиллериялық және миноатқыш қаруларының командирлері және көздеушілері, инженерлік қамтамасыз ету мамандықтары, Қарулы Күштері оқу орталықтарында байланыс мамандары.

Оқу аяқталысымен олар кіші мамандар ретінде әскери бөлімдерге жолданатын болады.

Әскерде азаматтар тәртіпке, жауапкершілікке, өздігіне үйренеді және дене күшімен шыдамдылығынтәрбиелейді. Қызмет барысында олартоппен жұмыс жасағанды, оқу-жаттығулардағы қиын-қыстау жағдайларда тапсырмаларды орындауға, тез ойлануға және шешім қабылдауға үйренеді, олар әскери қару-жарақты қолдануда, күрделі әскери техниканы пайдалуда техникалық дағдыларға ие болады.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметтің қауіпсіздігіне үлкен назар аударады. Ұдайы негізде Әскери прокуратурамен, сондай-ақ әскери полиция органдарымен бірлесе отырып әскери ұжымда салауатты ортаны орнату үшін жүйелі жұмыс жүргізуде.

Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейне бақылау жүргізілген. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорының және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәщіктері орналасқан, хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша тездетіп шешімдер қабылдау үшін мекенжайларға түседі.

Казарманың әр жайғасу орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамның, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қол жетімді сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердіңқызметтік әрекеттегі проблемалары туралы әр уақытта оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін алдын алу бойынша қажетті жұмыс жүргізіледі.

 

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі

департамент бастығы полковник

Нұрмаханбет ДЮСЕБАЕВ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.