ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК филиалы «Сапалы жол» жобасы аясында облысқа қарасты Бәйдібек ауданында жаңадан төселген жолдардың сапасына кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.
Автомобиль жолдарын зерделеудің негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мен төселген жолдар сапасына қоғамдық бақылауды, сондай-ақ мердігер мекеменің жауапкершілігін күшейту.
Жол сапасын бақылау жұмыстарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Ғ.Жүндібаев, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары А.Темір. облыстық «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» зертхана меңгерушісі Д.Кешубаев, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Әдиат, аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Нурманбетов пен жауапты мердігер компанияның басшылары, аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Өңір тұрғындарының арыз-шағымы негізінде жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында ауданның Боралдай ауылдық округіне қарасты Ақжар, Батыршаев, Жамбыл және Ә.Жұмаділләұлы елді мекендеріне баратын көшелердің жол сапасы мен қауіпсіздігі бақыланып, жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы жаңадан төселген асфальт бетон жамылғысынан кесінді сынамалар алынды.
Бір күндік бақылау жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығында орналасқан Батыршаев көшесінде су құбыр қақпақшаларының асфальт бетон жамылғысынан биік орналасуы және үй маңына қойылған лотоктардың арматурасыһ көрініп тұрғандығы және Ақжар елді мекенінің асфальтбетон жамылғысында отырулар, тегіссіздіктер ақаулары мен жол төселімінде шұңқырларды жабу, жол жиегі, қойылған құбырлардың жұмыстары толығымен аяқталмағаны белгілі болды.
Сондай-ақ, Жамбыл және Ә.Жұмаділләұлы көшелерінде жолдың тегіссіздігі мен ойық шұңқырлар мен жол төселімінің шашылу деректері анықталды.
Төселген жолдардан бірқатар ақаулар байқаған сала мамандары анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, компания басшыларына қайта жөндеуден өткізу бойынша ұсыныстарын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Агенттіктің бастамасымен Түркістан өңірінде қолға алынған «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында облысқа қарасты барлық қала/аудандара төселген жаңа жолдардың сапасы мен қауіпсіздігіне апта сайын тұрақты негізде бақылау жұмыстары жүргізіліп отыратын болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.