ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай мен Түркістан облысының прокуроры Марат Алиханов пен Кентау қаласындағы №5 жылу орталығына барып, жұмысшылармен кездесу өткізіп, олардың жағдайымен танысты.
100 мың тұрғыны бар қаланы жылумен толық қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме болып табылатын №5 ЖЭО 1934 жылы салынған.
Мамандардың мәліметтері бойынша бүгінгі таңда мекеменің жабдықтары тозығы жетіп ескірген және жаңартып, жаңғыртуды қажет етеді.
Нысанның стратегиялық маңыздылығына байланысты мекеменің қызметі мен жұмысшылардың еңбек құқығының сақталуы үнемі прокуратураның бақылауында.
Кездесу барысында Марат Алиханов прокуратураның қадағалау актісімен 365 жұмысшының 25 млн. теңге жалақы қарызы төленгенін атап өтті. Жылу орталығының жабдықтарын жөндеуге қаражат бөлу бөлу де маңызды екеніне тоқталды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай жылу энерго орталығын модернизациялау бойынша жобалар жасалғанын жеткізді. Мемлекет тарапынан және инвестиция есебінен орталықты жаңарту көзделіп отыр.
– №5 жылу энерго орталығы өткен ғасырда салынғандықтан, ескірген. Осы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін келесі жылыту маусымына дайындық басталады. Құбырын, негізгі жүйелері мен қазандықтарын реттеп, жөндеуді жоспарлап отырмыз. Ол жөнінде республикалық бюджетке ұсыныс берілді. Сонымен бірге инвестиция тарту арқылы жаңа технологиямен қамтылған, газбен жылытатын жылу орталығын салу да көзделіп отыр. Ол жобаны жүзеге асыруға 2-3 жыл уақыт керек, – деді Арман Жетпісбай.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.