ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНДА ОҢТАЙЛАНДЫРУҒА ЖАТАТЫН КЕМШІЛІКТЕР ӘЛІ ДЕ БАР
«Түркістан-адалдық алаңы» Жобалық кеңсенің ұйымдастыруымен білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою алғышарттарын қалыптастыру бағытында мақсатты жиын өтті.
Бұл жиын «brain storming», яғни «ашық талқылау»еркін, тәжірибе мен пікір алмасу және ұсыныс енгізу форматында өтті.
Мақсатты жиынға облыс әкімінің орынбасары М.Отарбаев, облыстық білім басқармасының басшылығы, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен арнайы мониторингтік топ мүшелері мен блогерлер қатысты.
Модератор Ғ.Тұрсынбаев «адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы – білім, оқу мен тоқу арқылы жасалған. Ұлт болашағын тәрбиелеуде ауқымды жұмыстар жасалып келеді, дегенімен оңтайландыруға жататын кемшіліктері бар тұстары да жоқ емес. Ол өздеріңізге белгілі білім саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі» — деп атап өтті.
Жиында сөз сөйлеген Жобалық кеңсе кураторы М.Отарбаев өңіріміздегі білім беру саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары сала екенін, осы салада жемқорлық деңгейін төмендету басты назарда екенін атап өтіп, білім беру ұйымдарының басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.
Жиында әрі қарай Департаменттің басқарма басшысы Н.Құдайбергенов, «Түркістан – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсе жетекшісі С.Жабаев, кеңсе қызметкерлері А.Сапарбеков және Қ.Қасиет тақырыптық бағытта баяндама жасады.
Мақсатты шара соңында білім беру қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктермен, мектептерге жұмысқа орналасу үшін пара алып ұсталған мектеп директорларына қатысты бейнероликтер көрсетілді.