ТҮРКІСТАН: БИЫЛ КЕНТАУДЫҢ КӨШЕЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Кентау қаласында жарық құрылымдарын жарықтандыру, жөндеу жұмыстары жалғасады. Коммуналдық қызметтің негізгі міндеті – бағандар мен ескірген жарықтандыру қондырғыларын қалпына келтіру және ауыстыру. Мұндай жұмыстар биыл «Болашақ», «Шұғыла», «Жұлдыз», 68, 69, 74 мөлтек аудандарына да жүргізілмек.
Кентау қаласының көшелерін жарықтандыру және қайта жаңғырту мақсатында 2021 жылы 10 млн. тенге қаржы қаралып, 136 дана жарықшам орнатылған. 2022 жылы 137 млн. тенге қаржы қарастырылып, 1134 дана жарықшам орнату жоспарлануда. Нәтижесінде Кентау қаласы 100 пайыз жарықшамдарымен қамтылатын болады.
Айта кетейік, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажановтың тапсырмасына сәйкес қаладағы 368 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы жарықтандырылған. Нәтижесінде қалада ұсақ-түйек қылмыстардың саны азайған.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.