ТҮРКІСТАН: «Е-АСХАНА» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ АТА-АНА БАЛАСЫНЫҢ ҚАНДАЙ АС ІШІП ЖҮРГЕНІН БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ

Түркістан қаласының бірнеше мектебінде «Е-Асхана» жүйесі жүзеге асырылуда. Жүйе арқылы ата-ана баласының мектепте қандай ас ішіп жүргенін толық бақылай алады. Сонымен қатар, баланың күнделікті тамақтануына ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қояды.

Ол үшін ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң, арнайы QR-код алады. Бала QR-код арқылы тамағына төлем жасайды. Тиісінше, ата-аналары баланың қандай тағам мен сусын алғанын, бағаларын, құрамын бақылауда ұстау мүмкіндігі бар.

Бүгінде аталған жүйе шаһардағы №19 Төле би атындағы жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейінде пилоттық жоба ретінде қолға алынуда. Келешекте жүйені қала мектептерінде іске қосу жоспары жүзеге асырылады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.