ТҮРКІСТАН: ҒИМАРАТТАРДА БЕТПЕРДЕЛІК РЕЖИМ САҚТАЛАДЫ

Қазіргі таңда ашық алаңдарда бетперделік режим тұрғындардан талап етілмейді. Дегенмен ғимарат ішінде бетпердені тағу міндеті әлі өз күшінде. Бұл туралы облыстың Бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов хабарлады.
Нұрбек Садықбекұлының айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат беретін шектеу талабы өз күшін жойған. Ал вахталық режимде жұмыс істейтін азаматтар үшін ПТР тестілеу алынбайтын болады. Эпидемиялық жағдайы «жасыл» және «сары» аймақтарда білім беру ұйымдарында әлеуметтік арақашықтық, термометрден өту керектігі туралы талаптар күшін жойды.
Түркістан облысында эпид ахуал тұрақты. Коронавирус инфекциясының тіркелуі алдыңғы екі аптамен салыстырғанда 69,6 % төмендеген. Сондай-ақ, бұған дейін тәжірибелер көрсеткендей мереке күндерінен соң эпидемиологиялық жағдай нашарлайды. Сондықтан облыстың Бас санитариялық дәрігері тұрғындарды карантин режимі мен санитариялық талаптарды сақтауға шақырады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.