• 🔗 ТҮРКІСТАН: КАНДИДАТТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНА ШЕБЕРЛЕР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым — Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың мүшелері мен сенімді өкілдері Сайрам ауданында болып, «Bella trade» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Сенімді өкілдер «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрбіріміз үшін. Қазір және әрдайым» атты кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды кең көлемде түсіндіріп өтті.

Облыстық қоғамдық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жүргізілетіндігін, ал жаңа өндірістерді инфрақұрылымдық тұрғыдан қолдау ұлғаятындығын айтты.

— Бұл мақсатта 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны көтеру механизмі енгізіледі. Ішкі еңбек нарығы, оның ішінде еліміздің азаматтары саналатын еңбеккерлердің мүддесі қорғалатын болады. Жалдамалы еңбектің — қашықтан жұмыс, икемді жұмыс уақыты, толық емес жұмыс күні, фрилансинг сынды жаңа нысандарын дамыту үшін еңбек заңнамасы ырықтандырылады» — деді Бейсен Дәулетұлы.

Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі Мағауия Тұрысбеков азаматтардың сапалы медициналық қызметке қолжетімдігі арта түсетіндігін жеткізсе, Жомарт Әбдібаев білім саласын қолдауға басымдық берілетіндігін айтты. Сенімді өкіл Уалихан Қайназаров сайлауалды бағдарламаға сәйкес әділетті өңірлік саясат жүзеге асатындығын айтып өтті. Бұл бағытта адамдардың үлкен қалада да, шағын ауылда да жайлы өмір сүруге мүмкіндік жасалатындығын сөз етті.

Ал, Динара Егамбердиева және Әлішер Сатыбалдиев кандидаттың сайлауалды бағдарламасына сәйкес, еңбек адамының құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасы құрылатыны жайлы баяндады.

Кездесуде қоғамдық штаб мүшелері жұмысшылардың саяси науқан туралы ойларын тыңдады. Еңбек адамдары сайлауға белсенді қатысатындықтарын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтындықтарын жеткізді.

Айта кетейік, «Bella trade» ЖШС 2017 жылы іске қосылған. Мұнда корпустық және жұмсақ жиһаздар мен матрастар жасалады. «Белла Мебель» брендімен танымал болған жиһаздар Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттеріне экспортталуда және еліміздің ішкі нарығында сатылып жатыр. Қазіргі кезде кәсіпорында 130-ға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істеуде.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспаөз қызметі

#TOQAEV2022

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.