ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕР КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУ КЕЗІНДЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУГЕ ДАЙЫН

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен облыстық кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы кәсіпкерлер арасында жиын өтті.

Жиынның негізгі мақсаты — бизнесті қорғау, кәсіпкерлер үшін кедендік рәсімдеу барысындағы жемқорлық қысымдарды тоқтату және бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары З.Амирова және кәсіпкерлер қатысты.

Мақсатты жиында сөз сөйлеген Нұрдәулет Ильясұлы бастамашылдығымыздың негізгі себебі, кеден бекеттеріндегі өзекті мәселе алым-салым мәселелерін тоқтату, оны шешу жолдары туралы пікір алмасу, кеден бекеттеріндегі жиі кездесетін сыбайлас жемқорлық мәселелерін анықтау деді. Бүгінде кеден саласындағы жемқорлық мәселелерінің өзектілігі кедендік төлемдерден және әкімшілік жауапкершіліктен босату және т.б. себептер үшін пара алу тәуекелдері бар, осы салада жемқорлық көріністеріне тап болсаңыздар, нақты ақпаратты 1424 Call орталығына хабарлауға болатынын назарға алды.
Кездесу барысында Н.Самет Агенттікпен арнайы әзірленген 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі бағыттарын кәсіпкерлерге таныстырып, адал бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстармен таныстырды.

Кездесуде Зухра Төтебайқызы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік, кедендік кедергілерді төмендету бағытында жасалып жатқан жұмыстарға жан — жақты тоқталып өтті.

Кедендік рәсімдеу барысындағы жемқорлық көріністері жан-жақты талқыланған жиын соңында кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалық мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, ол бойынша кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.