ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 101 жасқа келген тыл еңбеккері Минаш Жақыпова әжені мерекемен құттықтап иығына орамал жауып, мерекелік гүл шоқтарын сыйлады. Аудан көлемінде ғасыр жасаған 6 әже ғұмыр кешуде.
Содан соң мерекелік іс-шара мәдениет үйінде жалғасты. Аудан әкімі Арман Абдуллаев нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтады. Ақ жаулықты әжелер мен аяулы аналарға және де әсем аруларға ізгі тілекетерін білдірген аудан әкімі көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттады. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар арулар облыс әкімінің грамотасы мен аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарына ие болды. Салтанатты шара соңы ер азаматтар әзірлеген мерекелік концертке ұласты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.