ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ БІРНЕШЕ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Келес ауданының орталығы Абай ауылында 1500 оқушыға лайықталған мектеп салынады. Ол үшін арнайы жер телімі ажыратылды. Одан бөлек тағы бір мектептің құрылысы жүруі жоспарлануда. Аталған құрылыс нысаны «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге аспақ. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Абай ауылының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
Аудан орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында өткен кездесуге қатысқан тұрғындар көкейіндегі сауалдары мен ұсыныстарын жолдады. Аудан әкімі алдымен өткен кездесуде айтылған мәселелердің нәтижесімен бөлісті. Өткен кездесуде тұрғындар Абай ауылы аумағында ауыз суды тәулік бойы үзіліссіз беру мәселесін көтерген болатын. Бұл мәселе бойынша биыл Абай ТСЖ насос станциясынан ұңғыма орнын қазу жұмыстары жүргізілді. 2023 жыл басында мембраналық су тазартқыш қондырғыларын орнатып, тәулік бойы ауыз су беру жоспарланып отыр.
Аудан басшысы Абай ауылындағы газ қысымы төмен мөлтек аудандардағы табиғи газ құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталып, табиғи газ құбырлары толығымен тартылғанын атап өтті. Біртілек ауылдық округінде орналасқан АГТС-тің құрылыс жұмыстары қараша айына дейін аяқталуы жоспарлануда. АГТС-ті іске қосылуына байланысты тұрғын үйлерге табиғи газға қосу жұмыстары бірге атқарылатын болады. Сонымен қатар көше жарықтандыру, орта жол жөңдеу жұмыстарын жүргізу мәселелеріне тоқталып, тиісті жауаптары берілді.
Тұрғындармен кездесу сұрақ-жауап форматында өрбіп, учаскелік жер беру, Біртілек ауылдық округінен Абай ауылына жаңадан қосылған көше тұрғындары жаяу жүргіншілер жолы мен көше жарықтандыру қондырғыларын орнатып беру, ауыз су, электр жарығы, жол, интернет желісін жақсарту бойынша сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптарын алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.